Жартысына дейін су толтырылған шыны ыдысты елестетіңізші. Елестете алдыңыз ба? Енді мына қарапайым сұраққа жауап беріңізші: «Шыны жартылай толы ма әлде жартылай бос па?». 10-сынып оқушыларымен кездесу осы сұрақтан басталды. Оған жауап бере отырып, олардың (сіз сияқты) әлемге деген көзқарастары оптимистік немесе пессимистік екенін анықтады. Пессимист ешкім болғысы келмейді, сондықтан іс-шараға қатысушыларға жақсы көңіл-күйде болу үшін мотивациялық кеңестер айтылды.
