Мұратбаев Нұрғұмыр – балалар жазушысы, ұстаз.

Мұратбаев Нұрғұмыр – балалар жазушысы, ұстаз.

Нұрғұмыр Мұратбаев 1938 жылы 4 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген.

Жұлдыз орта мектебін бітірген соң, 1967 жылы Өскемен педагогикалық институтының бастауыш білім педагогикасы мен методикасы факультетін тәмәмдаған. Үлкен Нарын ауылдық орта мектептерінде дәріс беріп, 36 жыл орыс тілінде ұстаздық етті. Қатардағы мұғалімнен орта мектеп директорына дейін көтерілді. 2001 жылдан бастап зейнеткер, еңбек ардагері.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейн шығармашылықпен айналыса бастады. Осы жылдары оның жеке өлеңдері мен топтамалары аудандық «Арай», облыстық «Дидар» газетіне, республикалық «Балбұлақ» журналында жарық көрді. «Тұмар ханым – Томирис», «Сақ Шырақтың ерлігі», «Зарина», «Кетбұқа» атты дастандары облыстық «Ақ Ертіс» журналында басылды. Қазіргі кезде де өлеңдері «Дидар» газетінде басылып тұрады.

2007 жылы «Балаларға базарлық» атты бірінші балаларға арналған өлеңдер жинағы оқырманға жол тартты. 2015 жылы Өскемен қаласы «Рекламный Дайджест» баспасында ересек оқырмандарға арналған «Қараөзек қарлығаштары» кітабы басылып шықты. 2017 жылы Алматыда шығатын «Сөз өнері» газетінде «Хантығайдың аққуы» атты аңызы қараша, желтоқсан айларының № 11,12 нөмерлерінде жарық көрді.

Нұрғұмыр Мұратбаев көбінесе балаларға арналған өлеңдер жазады. Ақынның жырлары мектеп жасына дейінгі тәрбиеде және бастауыш сынып оқушыларына берері мол ұлттық нақыштағы құнды еңбектер, баланың бойына жастайынан жақсылық, ізгілік сынды қасиеттерді сіңіруге арналған. «Балалар – біздің келешегіміз, болашағымыз. Ал балаларға арнап жазу – болашаққа жазу» деген қағиданы ұстанады тәжірибелі ұстаз.

 

Н.Мұратбаевтың шығармалары

Кітапттар

Мұратбаев, Нұрғұмар. Балаларға базарлық : өлеңдер, тақпақтар, санамақтар, жұмбақтар / Н. Мұратбаев. – Өскемен : ШҚО БАИ баспасы, 2007. – 64 б.

Мұратбаев, Нұрғұмар. Қараөзек қарлығаштары / Н. Мұратбаев. – Өскемен : Рекламный Дайджест, 2015. – 142 б.

Мұратпаев (Мұратбаев), Нұрғұмар. Шығармалар жинағы. 1 бөлім. Нарын нақыштары / Н. Мұратпаев. – Өскемен : Б. ж., 2018. – 106 б.

Мұратпаев (Мұратбаев), Нұрғұмар. Шығармалар жинағы. 2 бөлім. Алтай әуендері / Н. Мұратпаев. – Өскемен : Б. ж., 2018. – 266 б.

Н.Мұратбаевтың мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары

Мақалалар

Мұратбаев, Нұрғұмар. Сақтар : толғау / Нұрғұмар Мұратбаев. // Ақ Ертіс . – 2008. – № 4.

Мұратбаев, Нұрғұмар. Кетбұқа : тарихи толғау / Н. Мұратбаев. // Ақ Ертіс . – 2009. – № 3.

Мұратбаев, Нұрғұмар. Зарина : тарихи толғау / Нұрғұмар Мұратбаев. // Ақ Ертіс . – 2010. – № 4.

Мұратбаев, Нұрғұмар. Аңыздар : аңыз / Н. Мұратбаев. // Ақ Ертіс . – 2011. – № 1.

Н.Мұратбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Мақалалар

Байбатыров, Ғалым. Жасын ғұмыр : тарихи деректі хикаят / Ғ. Байбатыров. // Ақ Ертіс. – 2010. – № 4. – С. 41-57. (Н.Мұратбаев туралы)

Мұратбаев, Нұрғұмар. Зарина : тарихи толғау / Нұрғұмар Мұратбаев. // Ақ Ертіс . – 2010. – № 4. – С. 25-40. (Н.Мұратбаев туралы)

Share