Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы

Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы

«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты оқырман конференциясы  өзіндік ұлы сыр-сипаты бар халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл шараны қаламгерді толыққанды қамтып оқитын оқу орынының бірі дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11-сынып оқушыларымен өткізілді.Олармен бірлесе өткізуіміздің себебі символикалық, танымдық, тақырыптық мәні орасан зор.  Шарада бейне-ролик ұсына отырып, оқырмандардың пайы мен ой пікірлері айтылып, дәріс оқылды. Дәрісте шығарманың тарихилығы, көркемдік шешімі туралы заманауи тұрғыдағы көзқарастарын білдірді. «Қазына қалдырған қаламгер» атты кітап назарларына ұсынылып, шолу жасалынды.

Share