Ішкі туризмді дамыту және жастарды Қазақстанның мәдени мұрасымен таныстыру мақсатында “Мәдениет – рухани көпір” атты танымдық кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге арнайы шақырылған туризм эксперті Рамазанов Сымбат Садырқанұлы туризм индустриясындағы заманауи үрдістер, цифрлық технологиялардың рөлі және олардың ішкі туризмді ілгерілетудегі маңызы туралы мазмұнды баяндама жасады. Қатысушылар туризмді дамыту, мәдени мұраны сақтау және өңірлік туристік бағыттардың тартымдылығын арттыру бойынша өз сұрақтарын ортаға салды. Көрмеге қойылған «Қазақстанның қорықтары», «Бурабай», «Жетісу жауҺарлары» т.б кітаптары оқырман назарын аударды.



