Қаныш Сәтбаев ұлы геолог қана емес, сонымен қатар қазақ тіліндегі алгебра бойынша алғашқы оқулықтың авторы. Ғалымның 125 жылдығына орай ұйымдастырылған шара оқырмандармен математика пәні, дәлірек айтсақ, оның шешілмеген мәселелері туралы сөйлесудің тамаша себебі болды. Кездесуде орта мектеп оқушылары Колатц гипотезасына (3x+1) қатысты сұрақтарға жауап алды, Пифагор бөлмесі және басқа да есептер туралы білді. Бұндай есептерді шешіп, математиктер миллион доллар таба алады! Кім біледі, мүмкін біздің оқырмандарымыздың арасында болашақта керемет математик болатын жас данышпан болуы мүмкін!