Бұл кітапта үш автор кітап хақында сана биігінде әңгімелеседі. Атап айтқанда: терең ойлау үшін кітапты қалай оқу керек, не үшін кітап оқу керек, қандай кітап сыйлау керек, қандай кітап оқуға кеңес бересіз, кітаптың денсаулыққа, кәсіпкерлікке, әрекет етуге, махаббатқа, саяхатқа, армандауға әсері жайлы сұхбаттасады. Бұл кітапты оқыған кез келген жастағы оқырманның білім алуға құштарлығы оянады. Кітап дейтін үнсіз данышпанның әлеміне шақырады.