Қарапайым ғана Ново-Явленко ауылынан шыққан Нәсіпхан Самғауұлы бүгінде аяқ киім өндірісі саласында зор жетістікке жетіп, өз ісінің хас шебері атанып отыр. Еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында ол өз бренді — SMG маркасын қалыптастырып, таза былғарыдан жасалған сапалы әрі сәнді отандық өнім шығарумен ел назарын аударды.
Биыл ол ел Президентінің қолынан арнайы төсбелгімен марапатталып, тіпті Мемлекет басшысының өзіне арнап аяқ киім тіккені – үлкен мәртебе әрі еліміздің жас кәсіпкерлері үшін үлгі боларлық жетістік.
Осындай қарапайым ауылдан шыққан талантты, жаңашыл жастың табысты болуы — ел ертеңінің жарқын болашағына деген сенімді арттырады.
Нәсіпхан Самғауұлының жетістігі – еңбектің, табандылықтың және арманға деген сенімнің айқын дәлелі!
Бүгінгі ұрпақ дәл осындай жаңашыл, батыл, отандық өнімді дамытуға үлес қосатын жастардан үлгі алсын!
SMG бренді тек Қазақстанда ғана емес, әлемдік нарықта да өз орнын табарына сенеміз!
Жас кәсіпкерге толағай табыс, шабыт пен жаңа биіктер тілейміз!