Бақбергенов, С. Он үшінші ойыншы : повесть / С. Бақбергенов. – Қарағанды : Qasym баспа үйі, 2024. – 238 б. – (Qasym kitaphanasy).

1979 жылы жазылған бұл повесть оқырмандарға, әсіресе жастарға ерекше жігер сыйлайтыны сөзсіз. Себебі бас кейіпкер Айдардың ішкі жан-дүниесіндегі өзгерістен, айналасындағы оқиғалардан туындаған қиындықтарды жеңіп, арман-мақсатына жете білуі, футболға қызығушылығы, әкеге деген сағынышы, анасына қамқорлығы, алғашқы махаббаты көркем бейнеленген. Кішкентай ғана ауылдан шыққан «Шалқар» футбол командасы туралы қызықты оқиғалар алғашқы беттен-ақ жатық та жеңіл тілімен баурап алады. Кітап жасөспірімдер мен барша оқырман қауымға арналған.

 

Share