«Оралхан көктемі» еске алу кеші

«Оралхан көктемі» еске алу кеші

Белгілі әнші, сазгер Оралхан Көшеровтың туғанына 65 жыл толуына орай кітапханамызда «Оралхан көктемі» атты еске алу кеші өтті. Шараға музыканттың шығармашылық достары: әнші-сазгерлер Серік Бабаханов, Ерболат Матабаев, театр актері, әнші Дархан Сәдібаев, сондай-ақ сазгердің туған ағасы Шакен Көшеров қатысты.
Шара барысында Оралхан туралы естеліктер айтылып, әндері орындалды. «Шығыстың Шәмшісі» деп аталған Оралхан Көшеровтің әндері жүректен жүрекке жетеді. Оралханның артында 53 ән қалғаны бәрімізге аян. Шарада Оралхан Көшеровтың сүйікті әндері «Боздала», «Достарыма», «Туған жер», «Ескі әнді шеше, қозғама», «Алғашқы махаббат», «Алтай», «Інілеріме», «Өскемен-әнім» әндері шырқалып, белгілі күйші-композитор Уатхан Жүнісовтың Оралхан Көшеровке арналған «реквиемі» орындалды. Шараға қатысқан ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің студенттері тұлғаның өнегелі өмірінен ақпараттар алып, сазгерді жаңа қырынан таныды. Шара соңында қатысушылар сазгердің көпшілікке танымал «Достарға» әнін шырқады.

 

Share