Отан қорғаушылар күні

Отан қорғаушылар күні

Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
Иә, бақытты бүлдіршіндеріміз 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін кітапханашылармен бірге қарсы алды. Спорттық сайыстар – жүгіруде, секіруде, дратс атуда белсенділік көрсеткен оқырмандар қолөнерден де құралақан емес екенін байқатты. Сурет салып, танк, ұшақ жасаған олар өз ұшақтарына алдағы күнге деген арман-тілектерін жазып, ұшырды. Кітапхана қорындағы тарихи кітаптардан шашыраңқы көрме ұйымдастырылып, әскери өмір мен соғыс техникалары туралы мол мағлұмат берілді. Шара соңында балаларға тәтті таратылып, барлығы көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Share