«Отбасымен оқу» үйірмесінің жұмысы өз жалғасын табуда. Кезекті үйірме отырысында қатысушыларға Р.Б.Нұртазиннің, А.Д.Сейсенованың «Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын!», «Ата-баба мұрасы», Т.И.Гризик, Г.Ж. Майкотованың «Дүниені танып білемін» оқулықтары оқуға ұсынылды.
Қызықты кітаптарды оқыған балалар мен ата-аналар бірлесе берілген тапсырмаларды орындады. Шара соңында өз ойларымен бөліскен ата-аналар жылы лебіздерін білдірді.
Баланы жақсылыққа, білім мен кітап оқуға баулитын, кітапханамен үнемі тығыз байланыста жүретін ата-аналарды үйірме мүшесі болуға шақырамыз!