«Отбасымның сүйікті кітабы» кітап көрме

«Отбасымның сүйікті кітабы» кітап көрме

Отбасы күніне орай «Читающие дома» жобасының оқырмандарына «Отбасымның сүйікті кітабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмеде қатысушылардың назарына отбасы құндылықтарына байланысты кітаптар ұсынылды. Атап айтсақ Б.Айменов «Отбасы», А.Сапакова «Ата мен немере әңімесі», А.Тоқманбетова «Менің отбасым», «Менің әкем» атты шығармалар. Балалар «отбасы» сөзінің мағынасын жан-жақты ашып, өздерінің ойларымен бөлісті. Әркім өз жанұяларының құндылықтарын атап айтты. Сондай-ақ, «Менің отбасым» ойынында ата-аналарымен бірге берілген суреттерден отбасы мүшелерін анықтады. Шараның мақсаты – оқушыларда отбасы мүшелеріне құрмет, ата-анаға деген сүйіспеншілік, отбасындағы өзара сыйластық қасиеттерін дамыту.
Share