«Отбасым – алтын діңгегім!» тренинг

«Отбасым – алтын діңгегім!» тренинг

Кітапханада отбасының қоғамдағы маңызды рөлін арттыруға ықпал ететін «Отбасым – алтын діңгегім!» тренингі өтті. Шара спикері балалар және ересектер психологы-игропрактик Жайлыбай Калима Жайлыбайқызы қатысушыларға даналық пен білімнің, тәлім тәрбиенің негізі отбасынан басталатынына тоқталды. Елімізде атап өтілетін Отбасы күні осы жанұялық құндылықтарды дамытуға бағытталғанын атап айтты. Қатысушылар Экономика және техника колледжінің 1-курс студенттері отбасындағы эмоционалдық көңіл-күйді басқаруға, позитивті көңіл-күй сыйлауға, өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмаларды орындады. Мінез-құлықтың негізгі сипаттарының қалыптасуына, отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасқа бағытталған тренингте студенттер өз ойларымен бөлісті.

 

Share