Отбасы бақыт бастауы

Отбасы бақыт бастауы

 Татулықты ту етіп, шаңырақтағы ырыс пен ынтымақты еселеу жолында сіз-біз десіп, сыйластықта өмір сүріп келе жатқан жас отбасылар аз емес. Солардың бірі –Ахметқалиевтар жанұясы. “Отбасы бақыт бастауы” атты шарада жастарға үлгі бола білетін   танымал асаба, шоумен Әнуар мен әлеуметтік желіде өте белсенді блогер жұбайы Сара  Нуржанқызы өздерінің отбасы құндылығы туралы айтып, жетістіктерімен бөлісті.  Еркін форматта студенттермен белсенді сұхбат жүргізілді. Сондай-ақ олар үшін «сұрақ-жауап» сессиясы өткізілді. Өнегелі, қызықты әңгіме өрбіді. Бұл кездесудің басты мақсаты сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы  жастардың түсініктерін кеңейту, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

 

 

 

Share