«Отбасы көркем әдебиетте» іс шара

«Отбасы көркем әдебиетте» іс шара

Бүгін кітапханада Отбасы күніне арналған «Отбасы көркем әдебиетте» атты іс шара болып өтті. Әдемі безендірілген залда кітапхананың байырғы оқырмандарының отбасында балаларымен кітап оқып отырған сәттері бейнеленген фотосуреттері ілінді. Шараға қатысушылар олардың бір жылда қанша кітап оқығандары жайлы біліп, олардың ішінде – ең көп кітап оқыған оқырман – «Алтын формуляр иесі» атына ие болғандығына куә болды. Сондай-ақ, отбасылары жайлы жазған жазушылар – Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді», Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» тағы да басқа кітаптарымен танысып, өзара пікір алмасты. Шарада отбасына қатысты мақал-мәтелдер айтылып, кітаптан үзінділер оқылды.
Кітапхана психологы ұсынған отбасы құндылықтарына арналған тренинг көпшіліктің көңілінен шықты. Онда қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, отбасының өмірде маңызды орын алатынын, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін атап айтты.
Кеш рухани құндылыққа, эмоцияға толы, өте әсерлі болды.
Share