Дулатұлы М. Оян, қазақ! Роман, өлең-жырлар, әңгімелер. – Алматы: «Самға» баспасы, 2023. – 256 б.

Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ!» деген ұранмен қазақ қоғамының ұлттық рухын оятқан ұлт зиялысы. Аз ғұмырын халқының білім алуына, тәуелсіз, еркін, азат болуына сарп етті. Олар ұлт үшін ештеңеден аянған жоқ. Ең бастысы, бір ұлтың тағдырын мойынына артып, Ұлы мақсат жолында жан аямады. Міржақып қазақ әдебиетінде ең бірінші болып көркем проза жанрында роман жазып шыққан автор. «Қазақ» газетіне жазған ұлт-азаттық идеялары ұйықтап жатқан халық жүрегін оятушы күшке айналды. Автордың «Оян, Қазақ!» еңбегінен бөлек балаларды оқу-жазуға үйретуге арнап жазған «Есеп құралы», «Қирағат кітабы», «Балқия» атты пьесасы сақталған. Әр қазақтың көкейінде «шырақ» болып жанған Міржақып мұрасын оқу – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.

Share