«Оқымысты балдырған»

«Оқымысты балдырған»

«Библиоша» оқу академиясы аясында «Оқымысты балдырған» атты бірлесе оқу шарасы өткізіліп, балаларға  кітапхана қорындағы ағылшын тілінен аударылған «Көңілді көжек» ертегісі ұсынылды. Балалар ертегіні тыңдай отырып, мәтінді кезектесе және рөлдерге бөліп оқыды. Ертегі кейіпкерлерін жарыса сипаттаған балалар, көңілді көжектің достарын сомдап, актерлық шеберліктерін көрсетті. Іс-шара барысында мәтінді толық меңгерген оқырмандар өз ойларын еркін жеткізіп, ертегі мазмұнын баяндады. Бірлесе оқу балалардың ойын дамытып, қиялына ерік береді, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.

Share

Пікір үстеу