Қала тұрғындарына және сапарға шыққан жолаушыларға өз уақыттарын тиімді, әрі пайдалы өткізуіне қолайлы болатындай «КІТАП ОҚЫ» жобасы бойынша «Өскемен-1»вокзалында «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» атты нақыл сөзді ұстанымға ала отырып шағын кітаптар сөресі қойылды.
Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс.