«Оқырманды бірге тәрбиелейік» атты Межрегионалдық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Оқырманды бірге тәрбиелейік» атты Межрегионалдық ғылыми-тәжірибелік конференция

27 қараша 2025 жылы Устинова Т. В. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 80 жылдығына және Ресейдегі Отан қорғаушылар жылына орай ұйымдастырылған «Оқырманды бірге тәрбиелейік» атты Межрегионалдық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференцияның басты тақырыбы – балалар мен жасөспірімдердің Ұлы Отан соғысы туралы кітаптарды оқуы жайында болды.

Конференция бағдарламасына төмендегі бағыттар бойынша баяндамалар, презентациялар және талқылаулар енгізілді: соғыс пен Жеңісті еске алу құндылықтарын қалыптастыруда кітапханалар мен білім беру ұйымдарының рөлі; патриоттық әдебиетке қызығушылықты арттырудың тиімді әдістері; жастарды кітаптар арқылы тарихты зерделеуге тарту тәжірибесімен алмасу; оқуды қолдау және мектеп оқушыларының сыни ойлауын дамыту.

Қашықтық форматында «Ерлікке тағзым: кітапхана және қазіргі оқырманның Ұлы Отан соғысы туралы диалогы» атты баяндама жасалды. Онда кітапхананың соғыс тақырыбындағы әдебиетті насихаттау жұмысы және қазіргі оқырмандарды патриоттық рухта тәрбиелеу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар қамтылды. Конференцияға сондай-ақ Мәскеу, Оңтүстік Сахалинск, Сургут, Махачкала, Челябі, Новосібір қалалары мен Новосібір облысының және басқа да өңірлердің кітапханалары қатысты.

Share