«Оқырман трамвайы» акциясы

«Оқырман трамвайы» акциясы

19 наурыз «Жаңару күніне» орай №3 қалалық трамвай бағытында кітапхана қызметкерлері «Оқырман трамвайы» акциясын өткізді. Трамвай ұлттық нақышқа сай безендірілді.
Шара барысында домбырада ұлттық әндер шырқалып мерекелік көңіл күй сыйланды. Жолаушылармен мерекеге қатысты сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылып, дұрыс жауап бергендерге Наурыздың символы қызғалдақ бейнеленген гүл тарту етілді, тәттілер таратылды. Сондай-ақ, Наурыз мерекесінің мән-мағнасын білдіретін кітаптар ұсынылып, ақпараттар берілді.
Share