«Парасат жолы» жобасы аясында «Ар-намыс халық қазынасы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

«Парасат жолы» жобасы аясында «Ар-намыс халық қазынасы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Парасат жолы» жобасы аясында «Ар-намыс халық қазынасы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде балалар жазушыларының шығармалары ұсынылды. Оқырмандарға ар-намыс пен әділеттілік тақырыбын қозғайтын шағын әңгімелер мен өлеңдер оқылып, талдау жұмыстары жүргізілді.
Мысалы, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасынан және Абайдың «Таза мінсіз асыл сөз» өлеңінен үзінділер пайдаланылды. Балалар шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді, өз пікірлерін еркін білдіруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар оқырмандар «Ар-намыс деген не?», «Әділеттілік дегенді қалай түсінесің?» тақырыптарында сурет салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ойларын қылқаламның көмегімен жеткізуге тырысты.
Іс-шара ар-намыс пен әділеттілік ұғымдарын терең түсінуге ықпал етеді, әдеби шығармаларға деген қызығушылықты оятады және балалардың рухани дамуына оң әсер етеді.
Share