Первушин Климент Семенович (1947-2020 жж.)
Климент Семенович Первушин – ақын, жазушы, Қазақстан және Ресей жазушылар одағының мүшесі. Мәскеу халықаралық «Алтын қалам» конкурсының екі мәрте, «Свободной музы приношенье» поэтикалық конкурсының екі мәрте жеңімпазы. Риддер қаласының Құрметті азаматы (2012)
Климент Семенович Первушин – Кеңес және орыс ақыны 1947 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласының Поперечное ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірісімен, Совет Армиясы қатарында жауынгерлік борышын өтеген. Лениногорск мырыш зауытында су ерітінділерінің электролизері болып істеген. Магадан облысының Ягодное кентінде 12 жыл еңбек етіп, өмір сүрген. 1995 жылы туған жеріне оралды, қалалық Мәдениет сарайында суретші болып жұмыс істеді, ал 1997 жылдан бастап «Қазцинк» АҚ мырыш зауытына қайта оралып, онда барлығы 26 жыл жұмыс істеді.
Әуесқой жастардың «Цинк-фильм» студиясын ұйымдастырушылардың бірі. Қалалық «Родник» әдеби бірлестігінің жұмысына қатысқан.
Бала кезінен әдебиетпен айналысып, өлеңдер жазған және жергілікті басылымдарда өлеңдері жарияланып тұрған. К. Первушиннің өлеңдері бүкілодақтық «Юность» радиохабарында оқылып, ұжымдық жинақтарда, «Простор», «Нива», «Братина» сияқты әдеби-көркем журналдарда жарық көрген.
Оның шығармалары түрлі әдеби конкурстарда кәсіби әділқазылардың таңданысын тудырып, бірнеше конкурстардың жеңімпазы болған. Әдебиеттен басқа К.С. Первушин флористикамен, бейнелеу өнерімен, фотосуреттермен шұғылданған. Риддер қаласындағы «Писатели Рудного Алтая» жазушылар ұйымының белсенді мүшесі болған.
К.С. Первушиннің шығармалары «Восток», «Ақ-Ертіс» аймақтық журналдарында, «Простор», «Нива» республикалық журналдарында, «Братина», «Риддерская радуга» альманахтарында, «Мой Риддер, мой Лениногорск», Мәскеу қаласындағы «Современное русское зарубежье», антологияларында, «Алтайские напевы» хрестоматиясында, Шығыс Қазақстан әдебиеті кітапханасы «Алтын тамыр» кітабында, Астана қаласындағы «Жемчужная поэзия Казахстана» үштомдығында, сондай-ақ «Синегорье», «Кают-компания», «Звено Алтая-90» және басқа да ұжымдық жинақтарда жарияланған. Өлең, проза және публицистика жанрындағы 10 кітаптың авторы: «Седая нить судьбы», «Здравствуй, мир зеленый», «Река сомнений», «Кукушкины слезки», «Осенние песни», «Кержацкий сфинкс», «Свеча печали», «Божье и человеческое», «Малахитовый пихтач», «Главный в жизни завод».
Климентий Первушин – «Свободной музы приношенье» аймақтық байқауының екі дүркін лауреаты, 2009 және 2011 жылдары «Золотое перо» Мәскеу халықаралық поэзия байқауының жеңімпазы. «Қазцинк» АҚ әдеби және көркем конкурстарының тұрақты қатысушысы, онда жүлдегер және лауреат атанған. Суретші ретінде үш ұжымдық қалалық көрмеге қатысқан. Ресей және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
«СОЛНЕЧНЫЙ КРУГ. Писатели Восточного Казахстана – детям» жинағында Климентий Первушиннің балаларға арналған шығармалары – «Одинокий кедр» атты ертегісі және өлеңдері жарияланған.
Әдебиеттер тізімі:
Ол туралы:
- Климент Семёнович Первушин // Алтын тамыр. Библиотека литературы Восточного Казахстана. Кн.1 / ред. Д. Кумысбекова. – Алматы, 2008. – С. 278. – (Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы = Библиотека литературы Восточного Казахстана).
- Немцев, М.С. Любовь, единственная в жизни // Первушин, К.С. Золотой иглопад: книга стихов / К. Первушин, 2017. – С. 5-6.
- Немцев, М.С. Любимый сердцем труд // Первушин, К.С. Кукушкины слезки [Текст]: стихи. живопись. проза / К. С. Первушин; авт. предисл. М. Немцев; ред. К. С. Первушин; фото картин В. Михаськов. – Усть-Каменогорск, 2004. – С. 3-4.
- Первушин Климент Семенович // Кедр [Текст]: историко-краеведческий и литературно-художественный журнал. – Усть-Каменогорск, 2019. – № 2. – С. 167-170.
- Первушин, Климент Семенович // Немцев, М.С. Зовет Алтай зеленоглазый: / М. С. Немцев, 2017. – С. 19-22.
- Первушин К.С // Немцев, М.С. Литературный Риддер: биографический справочник / М. С. Немцев, 2012. – С. 204.
- Течёт река – проходят годы (Климент Семёнович Первушин // Немцев, М.С. В Быструшинской долине: книга очерков / М. С. Немцев, 2014. – С. 308-326.
- Течёт река – проходят годы (Климент Семёнович Первушин) // Немцев, М.С. Под белками Изумрудного Алтая: литературные портреты / М. С. Немцев, 2016. – 322 с.- С. 175-194.
К. С. Первушин шығармалары:
Первушин, К.С. Здравствуй, мир зеленый! [Текст]: книга юношеской лирики (стихи 1965 – 1970 гг.) / К.С. Первушин. – Лениногорск: Полиграф-сервис, 2001. – 93 с.
Первушин, К.С. Река сомнений [Текст]: проза, стихи / К.С. Первушин. – Лениногорск: Полиграф-сервис, 2002. – 108 с. – Лениногорская городская студия поэзии «Радуга».
Первушин, К.С. Кукушкины слезки [Текст]: стихи, живопись, проза / К.С. Первушин. – Усть-Каменогорск: Б. и., 2004. – 177 с.
Первушин, К.С. Кукушкины слезки [Текст]: стихи, живопись, проза / К.С. Первушин. – Усть-Каменогорск: «Альфа-Пресс», 2004. – С. 2011. – 263 с.
Первушин, К.С. Осенние песни [Текст] / К.С. Первушин. – Риддер: Полиграф-сервис, 2006. – 72 с.
Первушин, К.С. Кержацкий сфинкс [Текст]: проза, стихи / К.С. Первушин. – Риддер: Полиграф-сервис, 2007. – 172 с.
Первушин, К.С. Свеча печали [Текст] : рассказ, элегии. – Барнаул: Бп, 2009. – 96 с.
Первушин, К. С. Малахитовый пихтач [Текст]: сборник стихов / К. С. Первушин. – Риддер: Полиграф-Сервис, 2011. – 85 с.
Первушин, К. С. Божье и человеческое [Текст]: проза 1969-2011 гг. / К.С. Первушин. – Риддер: [б. и.], 2011. – 263 с.
Первушин, К.С. Главный в жизни завод [Текст]: книга стихов и прозы / К.С. Первушн; худ. О. Шишкин. – Риддер: Полиграф-сервис, 2011. – 89 с.
Первушин, К.С. Избранная лирика [Текст]: стихи из 8 книг / К.С. Первушин. – Риддер: Полиграф-сервис, 2012. – 278 с.
Первушин, К.С. Проза и корнепластика [Текст] / К.С. Первушин. – Риддер: Полиграф-сервис, 2013. – 172 с.
Первушин, К.С. Выполнил с честью: историко-биографическое повествование о воине Трофиме Самойленко [Текст] / К.С. Первушин. – Риддер: Полиграф-сервис, 2014. – 223 с.
Первушин, К.С. Золотая смородина [Текст]: лирика / К.С. Первушин. – Риддер: Полиграф-сервис, 2014. – 87 с.
Первушин, К.С. Курится батюшка – белок [Текст]: сборник стихов / К.С. Первушин. – Усть-Каменогорск, 2015. – 140 с.