Елдік пен асқақтықтың арқауы Республика күні азат еліміздің абыройын биікке бастары сөзсіз. Өткен тарихтан сыр шертсек талай дарабоз тұлғаларымызды ұлықтап, бабалар рухына тағзым етеміз. Республика күні қарсаңында кітапхана ұжымы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің 8 сынып оқушыларына арнап «Шекарамды бекіткен шын мықтылар!» атты тарих керуенін ұйымдастырды. Шара шымылдығы рухты өлең жолдарымен ашылып, қазіргі уақытта көпшіліктің көңілінен шығып, үлкен экранға жолдама алған режиссер Мұрат Есжанның «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінен үзінді көрсетіліп, туынды жайлы баяндалып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Кеш жалғасы кітапхана қызметкерлері дайындаған тарихи көрініспен жалғасын тауып, оқырмандарды ерекше тебіреністі көңіл-күйге бөледі. Ұтқыр ойлы оқушылар алған ақпараттарын «Learning apps», «Quizizz», «kahoot» ойындары арқылы саналарына сіңіріп, шапшаңдық танытты. Сондай-ақ «Есімдер сыры», «Кім жылдым!», «Кино таспа» ойындары ойнатылып, кітапхана қорында жинақталған «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аумағы» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Тарихи керуен соңында шара барысында үздік деп танылып, белсенділік танытқан оқушылар кітапхана әкімшілігі атынан алғыс хатпен марапатталды. Әсем әнмен қортындыланған кеш, осылайша оқушыларға жігерлі де естен кетпес көңіл-күй сыйлады.