Сәуір айының 29-ші жұлдызында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігінде «Роботты техниканың ғажайыбы» атты тақырыпта шеберлік сағат өтті.
Роботты техниканың қажеттілігін көрсету мақсатында өткен шарада оқытушы А. Джакишев қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістерге тоқталып, оқу үрдісіне енгізіліп жатқан LEGO MINDSTORMS, SLS технологиясын және Blender –3D модельдеу компьютерлік графика бағдарламасымен жалпылай тансытырды. Сонымен қатар, оқушыларға лего роботтың датчиктерінің құрылуын көрсетіп, 3D принтер кез-келген затты жасай алатындықтарын айтты. Балалар осы құрылғы арқылы жасалған құс бейнесін жасау механизмдеріне куә болды. Оқырмандар бүгінгі өткен шараға белсене қатысып, қызығушылықтарын танытты. Қызықты ақпарат беріп, шеберлік сағатты жоғары дәрежеде өткізген «Жігер» балалар-жасөспірімдер клуб бірлестігіне @uk.odpk.zhiger
алғысымыз шексіз.