Өмірді өлеңмен өрнектей білген ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бейбіт Шегебайұлы Сарыбай қара сөздің де сеңіне күмп беріп, көпшілік қауым көз қадап оқитын туындылар жазып келе жатқан қалам иесі. Оның қаламынан қағаз бетіне түскен әңгімелері мен хикаяттары адам ойына ой қосып, теңіздей тебірентіп, толғандыра біледі. Автордың «Ақтабан» атты кітабынан «Мөп-мөлдір көздің қарасы», «Шеткері үйдің тағдыры», «Бейкүнә күнәһарлар», «Естелік», «Қараағаш», «Рауғаш ерте гүлдейді», «Көктем. Ақ бұлақтар» әңгіме-хикаяттарын оқып таныса аласыздар.