Сембаева Күлмайдың “Қу түлкінің қызықтары” атты әсерлі де қызықты ертегісі желісімен оқушыларға арналған тәрбиелік мәні жоғары мультфильм жасалды. Бұл мультфильм балалардың қиялын дамытып қана қоймай, ізгілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеуді мақсат етеді. Сондай-ақ, шығармашылық түрде дайындалған бұл туынды оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ертегілер әлеміне деген сүйіспеншілігін күшейтуге бағытталған.



