Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы және С. Аманжолов атындағы ШҚУ жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті бірлесе «Сен нені ескермей жүрсің?» атты дәрігермен онлайн-кездесу ұйымдастырды. Оған Өскемен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Нуркенова Айгерим Шахымурановна қатысып, дәріс оқыды.
Онлайн барысында өзіңізді және жақындарыңызды вирустық аурулардан қалай қорғау жолдары, көктемгі витамин жетіспеушілігі кезінде иммунитетті қалай жоғарлатуға болады, коронавирустық инфекция кезіндегі дәрумендердің пайдасы, вакцинаның маңызы туралы және ең қарапайым тазалық ережесін сақтау жолдарын айтты.
Тыңдаушыларымыз өткізілген шараға ризашылықтарын білдіртіп, алған мағұлматтары өте пайдалы болғандығын атап өтісті.