Сиқырлы бояулар

Сиқырлы бояулар

“Сиқырлы бояулар” сурет үйірмесінің кезекті басқосуы ерекше көңілді өтті. Қыс мезгілі келіп жеткен соң, балалармен бірге аққаланың суретін салдық.
Балалар алдымен сурет салудың қарапайым қадамдарын үйренді. Аққаланың негізгі формасын – үш шеңберді қалай салу керек екенін көріп, оны бояу тәсілдерін меңгерді. Көк түспен қысқы аспанды бейнелеп, шам бағанасы арқылы ерекше атмосфера қосты. Шамның жарығы сары түспен беріліп, балалар әрбір бөлшекке ерекше мән берді.
Share