9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Гостинный двор» сауда кешенінде Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Соғыс естеліктері. В Память о войне» атты мазмұнды кітап көрмесі өтті. Бұл іс-шара — тарихқа тағзым, ерлікке құрмет, ұрпаққа аманат ретінде өткізілді.
Көрмеде Қазақстанның қаһарман ұл-қыздары – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова,Рахымжан Қошқарбаев,Талғат Бигелдинов,Қасым Қайсенов сынды батырлардың өмірі мен ерлігін баяндайтын кітаптар жұртшылық назарына ұсынылды. Әрбір кітап – тарихпен тілдескендей, әр беті – ерлік пен патриотизмнің жарқын үлгісіндей әсер қалдырды.
Сонымен қатар, келушілер соғыс жылдарында қолданылған шинель, каска, фляжка, граната сынды жауынгерлік заттарды көріп, хаттарын оқып сол бір сұрапыл жылдардың рухын сезінді. Бұл тарихи жәдігерлер көрмені ерекше әсерлі етті.