Стрельцова Наталья Александровна (04.02.1974 ж. т.)
Наталья Александровна Стрельцова 1974 жылы 04 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Жаңа Бұхтырма кентінде дүниеге келген. Сол жерде оның балалық шағы мен жастық шағы өтті. 2013 жылы Барнаул қаласында Алтай мемлекеттік мәдениет және өнер академиясын «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша аяқтады. 2014 жылы Барнаул қаласында Ольга Матушкина иллюстрациясын жасаған «Лунная кошка» атты балаларға арналған алғашқы кітабы жарық көрді. 2020–2021 жылдары Наталья Александровна Алматыдағы Ашық әдебиет мектебінде Елена Клепикова мен Ксения Рогожникова жүргізген проза және балалар әдебиеті семинарында оқыды.
Наталья Стрельцова «Золотой Тургусун-2015» халықаралық өнер фестивалінің ««За лучшую детскую поэзию» арнайы дипломының иегері, «Проза» номинациясы бойынша III дәрежелі дипломант атағын иеленді.
Қазіргі уақытта ол Жаңа Бұхтырма кентіндегі «Цементник» мәдениет үйінде аға мәдени ұйымдастырушы болып жұмыс істейді, «Волшебники» атты балалар хореографиялық тобын басқарады. Өлеңдер мен әңгімелер жазады.
Наталья Александровнаның бірнеше хоббиі бар: жұмсақ ойыншықтар тігеді, шөптер мен жидектер жинайды, тәтті тағамдар пісіреді.
Шығармалары:
- Стрельцова Н.А. Лунная кошка: стихи / Н.А. Стрельцова. – Барнаул: КГКУ «Алтайская краевая детская библиотека им. Н.К. Крупской», 2014. – 15 с.: цв. ил. – (Писатели Алтайского края –детям).
- Стрельцова Н.А. Хочу на маленький остров / Н.А. Стрельцова. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2023.
- Стрельцова Н.А. Детский уголок // Солнечный круг: писатели Восточного Казахстана – детям. – Усть-Каменогорск; Барнаул, 2016. – 400 с.: ил.- с.289.