Сұлулық өз қолыңмен

Сұлулық өз қолыңмен

«Сұлулық өз қолыңмен» шеберлік сағатында бет әрлеуші Батекенова Камилла Асланқызы мен Орзабекқызы Гаухар күнделікті макияж жасаудың сырларымен қатар сурет салу өнерінің бар екенін айтып, эпоксидті бұйымдар жасаудың қыр-сырымен бөлісті. Шығармашылық тұлға ретінде Камилла өзінің таланттарын сұлулық индустриясының бірнеше бағыттарында қамтып, ол өзі үшін қызықты бағыттарды қалай іздегені, оның қызметі неден басталғаны туралы әңгімеледі. Жас маман Гаухар үй жағдайындағы қолайлы бет күтім жайында түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетіп, сапалы сәндік макияж өнімдерін дұрыс қолдануды, толыққанды макияж жасау үшін қандай косметика қажет екенін анықтап берді. Оқырмандар өздеріне қажетті сұраққа жауап алып, «Сән әлемі», «Сән мен сұлулық», «Сұлу қыздар», т.б. журналдар таныстырылды.

Share