Үйірме әр аптаның демалыс күндері өткізілетіндіктен, бос уақытын тиімді өткізгісі келетін, білімін жетілдіріп, кітап оқуға жаны құштар бүлдіршіндер бір ортада бас қосады.
Олармен сабақ барысында түрлі дидактикалық ойындар ойнау, тілдік жаттығулар жасау, сабақта өткен тақырыпты қайталау, мазмұндау, көшіріп жазу, диктант жазу, минуттық оқу, буынға бөліп оқу сияқты жекелей және жұптық жұмыстар жүргізіледі.