«Табанды іскерлік» шеберлік сабағы

«Табанды іскерлік» шеберлік сабағы

Кітапханада «Табанды іскерлік» атты шеберлік сабағы өтті. Шара қонағы жеке кәсіпкер Қарғамбаева Жұлдызай Бердисайымқызы қатысушыларға өзінің кәсіпкерлік жолы, табысқа жету жолындағы табандылығы мен өмірлік тәжірибесі жайлы әсерлі әңгіме өрбітті.
Іс-шара барысында жастармен ашық сұхбат құрылып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, кәсіпкерлікке қатысты нақты кеңестер мен бағыттар ұсынды.
Кездесу қатысушыларға жаңа серпін сыйлады.
Share