Үйірме сабағында балалар ағылшын тілінде ауа райының әртүрлі жағдайларын зерттеді. Мери Поппинс – ағылшын ертегі әңгімелерінің кейіпкері біздің жас ағылшын әуесқойларына қонаққа келді. Меримен бірге оқырмандар ауа-райы туралы «what is the weather like today» атты көңілді ән тыңдап, шырқады. Оларға Көктем, Жаз, Қыс және Күз мезгілдері келіп, бірге ойнап, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін бекітті: музыкалық ойын Magic islands/Сиқырлы аралдар, Funny circle/Көңілді шеңбер, Fancy mosaic/Ғажайып мозаика, Summer stream/Көктемгі бұлақ, Two Snowmen/Екі аққала. Іс-шара соңында балалар өздерінің сүйікті мезгілдерін бояулар және қылқаламдармен бейнеледі.