«Таза жастар – таза қоғам» зияткерлік командалық ойын

«Таза жастар – таза қоғам» зияткерлік командалық ойын

Бүгін кітапхана қабырғасында Жемқорлыққа қарсы республикалық науқан аясында «Таза жастар – таза қоғам» атты Quiz зияткерлік командалық ойыны өтті. С. Аманжолов атындағы  ШҚУ Жоғарғы колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 1-курс студенттері бес командаға бөлініп, алты кезеңнен тұратын білімділер мен тапқырлар, алғырлар сайысында дәстүр, қоғам, Өскемен қаласы, кино, музыка, логика, тест, т.б. алуан түрлі сұрақтарға жауап беріп, үзілісте би билеп, көңіл де көтеріп қайтты. Үзіліс кезінде студенттерге кітапхана қоры, жастар орталығы, кітапхана бөлімдері және қазіргі қыз-жігіттер жиі оқитын заманауи танымал қызықты кітаптар таныстырылды.

Көрмеге жақындаған жастарға кітапханамыздағы Жастар орталығының қызметкерлері тақырыпқа сай сыбайлас жемқорлық мәселелеріне қатысты:                         И.А. Калиев, Б.В. Поломарчуктің – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және заңнама», М.Т. Габдуалиев, Р.Е. Жакуповтың «Основы казахстанского права»,                   Қ. Қайранбаевтың – «Ар мен заң алдында», «Құқық негіздері», Шәкәрім Құдайбердіұлының – «Ақиқат айнасы», Билердің ақыл-нақыл сөздері.

 

 

Share