Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің және Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Оқырман клубы» мүшелерінің қатысуымен «Тамыры терең тағдырлар» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Жәди Шәкенұлының еңбектерінен алынған материалдар және тарихи тың деректер мен қазіргі Қытай жеріндегі қазақтардың қоныстануы жөнінде пікірлер, ойлар ортаға салынды. Қатысушылар әсіресе кітапхана қорындағы Жәди Шәкенұлының «Жәнібек батыр», «Қытайдағы қазақтар» және «Қытай қазақтарының әдебиеті» атты кітаптарымен танысты.
Кеш соңында қатысушылар шай үстінде тарихи оқиғаларды талқылап, өздерінің естіген-білген әңгімелерімен бөлісті.
Іс-шара әсерлі де мазмұнды отырыспен аяқталды.
https://www.instagram.com/reel/DQ8bOT2jCIU/?igsh=M3Riamt1MmVqcmFt



