Бүгін кітапханаға келген оқырмандар облысымызда тұратын ТМД халықтары өкілдерінің ұлттық киімдерімен танысты. Олар әр халықтың өзіне тән ұлттық киімдерін және олардың тарихы туралы білді.
Іс-шара барысында қатысушылар ТМД халықтары өкілдерінің ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, айырмашылықтарына назар аударды.
Дәстүрлі ұлттық киім мен оның заманауи нұсқасына салыстырмалы сипаттама берді.
Жеке халықтың ұлттық киімінің бейнесін басшылыққа ала отырып, оны ұсынылған мақал-мәтелдер, нақыл сөздермен байланыстыруға тырысты.
Қатысушылар берілген тапсырма бойынша ұлттық киімдерді бояп, жарысқа түсті.
Сондай-ақ балалар, әрбір ұлттың киімдері ауа райы жағдайына, мінез ерекшеліктеріне, темпераментіне, тұрмыс-тіршілігіне сай жасалғанын, әрбір мәдениетті адам басқа халықтардың мәдениетін білуі, қадірлеуі, құрметтеуі керек екенін білді.