Мақсаты:
- Тоғызқұмалақ ойыны барысында әдіс-тәсілдер қолдану арқылы тас алу (комбинация) шеберлігін үйрету;
- Балаларға әдіс-тәсілдерді үйрете отырып, есептеу, шешу қабілеттерін шыңдау, логикалық ойлау қабілетін дамыту;
- Ұлттық салт-сананы бойына сіңіру. Шыдамдылыққа, төзімділікке баулу.
Міндеті:
- тоғызқұмалақ ойыны денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық қасиеттін дамыту.
- тоғызқұмалақ ойының дамыту және сауықтыру, қимыл қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.
- тұлғаны оң қасиетке тәрбиелеу, оқужәне жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастық межелерін сақтау
Күтілетін нәтиже:
- Жаңадан бастаушыларды үйретеміз, жалғастырушыларды дамытамыз
- Үйреніп, меңгерген оқушылар қалалық, облыстық және республикалық жарыстарға қатыстыру
Құрметті оқырмандар ұлттық ойынымызды дамытуға атсалысыңыздар!
Жұмыс кестесі:
дүйсенбі, сәрсенбі,бейсенбі:
10.30- 11.40; 14.30-15.30
сенбі: 9.00-12.00
жет: Әшімжанова Дина Асқарқызы
тел: 87054966145
жас ерекшеліктері:+7
Мекен-жайымыз: Космическая к. 6/2
29.05.2025
Бүгін кітапханамызда тоғызқұмалақтан халықаралық балаларды қорғау күні және Әшімжан Рамазановты еске алуға арналған ашық турнир өтті.
12.05.2025
2025 жылдың 8-11 сәуір аралығында Тоғызқұмалақтан Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары мүшесі Қ.Бітібаеваның есіміне жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Өскемен қаласының жекелей чемпионаты өткізілді. Чемпионат нәтижесінде ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы тоғызқұмалақ үйірме және ШҚО Ұлттың және Олимпиадалық емес Спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер тоғызқұмалақшылары жеңімпаз бен жүлдегерлер қатарынан көрінді.
05.05.2025
2025 жылдың 27-30 сәуір аралығында Қ.Қайсенов кентінде ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы тоғызқұмалақ үйірме оқушылары ШҚО жасөспірімдер чемпионатына қатысып 1,2,3 орын жеңіп алып, маусымның 20-30 аралығында Қостанай қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдамаға ие болды.
05.03.2025
Кітапханамызда 5-7 наурыз аралығында тоғызқұмалақтан наурыз мейрамына арналған 9-11-13 жас аралығындағы Өскемен қаласының жекелей біріншілігі өтуде.











