Кітапхана миссиясы: жас оқырмандарды әлемдік және отандық мәдени құндылықтарға тартуға жайлы жағдай жасау, тұлғаның үйлесімді дамуына және қоғамның тең мүмкіндіктерін орнатуға ықпал ететін ақпараттарға және кітапханалық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Жоба мақсаты: балалар жазушылары каталогын құрастыру және ОБЖК қорын шығысқазақстандық авторлардың әдеби шығармаларымен толықтыру.
Жоба міндеттері:
- шығысқазақстандық балалар жазушыларын іздеу және олармен тікелей байланыс орнату;
- баспалармен байланыс орнату, оларды ОБЖК қорын толықтыруға ықпал етуге тарту;
- «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» заңның аясында құжаттарды цифрлау және ОБЖК пайдаланушыларына арналған электронды каталог құру.
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Балаларға арналған әдебиеттердің өлкетану қоры нашар толықтырылатындықтан, «Мәдениет туралы» заңының облыс кітапханаларына арналған міндетті дана туралы бабы жұмыс істемейтіндіктен, оны толықтырудың балама жолдарын іздестіру қажет. Қазіргі уақытта қорды өлкетану басылымдарымен және республикалық әдебиетпен толықтыру біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі болып табылады. Өлкетану материалдарының бай қоры кез-келген қазіргі заман кітапханасының мәдени байлығы болып саналады.
“Шығыс Қазақстан жазушылары – балаларға” жобасын іске асыру ОБЖК қорын балаларға арналған әдебиетпен толықтыруға ықпал етеді, кітапхананың ақпараттық кеңістікте лайықты орын алуына мүмкіндік береді, кітапхана пайдаланушылары санының өсуіне және оның имиджін көтеруге әсер етеді.
Жобаны іске асыру тәсілдері:
- өлкетану қорын баспа, электронды және басқа ақпарат тасымалдаушыларындағы ақпараттық ресурстармен толықтыру;
- біріктірілген электрондық өлкетану каталогын құру, жаңа өлкетану деректер базасын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- Жергілікті авторларды ОБЖК қорын балаларға арналған әдебиетпен толықтыруға ықпал етуге тарту;
- Осы жобаның іске асырылуы кітапхананың ақпараттық кеңістікте және аймақтың әлеуметтік мәдени ортасында лайықты орын алуына мүмкіндік жасайды;
- Электронды және дәстүрлі түрде жаңа өлкетану ресурстарын құру;
- Өлкетану ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- Кітапхана пайдаланушыларының санын арттыру;
- Кітапхана имиджін көтеру.
Координаталары: ШҚО мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ
Тел.: 75-44-36
Электрондық пошта: 753294@mail.kz
- Абдеева Яна Борисовна
- Айтұлы Несіпбек
- Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы
- Алина Тайга
- Асқаров Әлібек
- Бейсенова Шәрбану
- Бондаренко Лермонт Наумович
- Булжанов Оралбек Рәбілұлы
- Викс Наталья Николаевна
- Волков Александр Мелентьевич
- Головатая Екатерина Емельяновна
- Гребенщиков Георгий Дмитриевич
- Гринева Татьяна Владимировна
- Гришка Людмила Александровна
- Ғабдуллин Серік
- Исаченко Александр Демьянович
- Каланчина Ирина Борисовна
- Китляйн Александра Николаевна
- Колупаев Александр Алексеевич
- Қабанбаев Марат
- Логинова Ирина Владимировна
- Макаримова Альфия Нурмухамедовна
- Максимова Надежда Эммануиловна
- Медведева Любовь Георгиевна
- Мұратбаев Нұрғұмар
- Небогатова Виктория Вячеславовна
- Нетисов Владимир Николаевич
- Никитина Светлана Михайловна
- Ножкина Вета
- Первушин Климент Семёнович
- Сегізбаев Кәдірбек Сауырұлы
- Сембаева Күлмай Сембайқызы
- Сметанин Владимир Борисович
- Стрельцова Наталья Александровна
- Тарлыкова Ольга Михайловна
- Тұрсынбаев Бәделқожа
- Цой Дарья Владиславовна
- Шувалова Светлана Филипповна
- Яковлева Мария