Булжанов Оралбек Рәбілұлы (1963ж.) – ақын, аудармашы, әнші, сазгер, термеші

Өмірбаяны

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Қойтас ауылында 1963 жылдың 1-наурызында дүниеге келген. 1990 жылдан бастап өлеңдер, әндер жаза бастаған…

Ұзақ жылдан бері «Күршім ауылы» балабақшасында музыка жетекшісі болып қызмет атқарып келе жатқан Оралбек ағаның ұстаздық жолындағы еңбектері мемлекет тарапынан лайықты бағасын алған.

Қазақстандағы Балалар жылы аясында жерлес жазушы Оралбек Булжановтың «Балабақшада» атты кітабы жарыққа шықты. 2014-жылы «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері жинағына енгізіліп, 2018 жылы «Өнерге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. 2007-2019 жылдар аралығында шыққан 38 әніне авторлық құқығы қорғалып, Астана қаласынан куәлігі табыс етіледі.

Оралбек ағаның «Алфавитте айтады елдің қамын» атты өлеңі Қазақстан Республикасы бойынша алфавитке құрылған жалғыз өлең болғандықтан ҚР ақпарат және коммуникация министірлігінде тіркелген.

Сыртқы бетінің безендірілуімен бірден көз тартатын кітап «Балабақша гимні» ән-өлеңімен басталып балабақшада өтетін әр бір мерекеге арналады. Сонымен қатар балаларға арналған шағын әңгімелер, аударма өлеңдер, әр түрлі тақырыптарды қамтитын тақпақтар мен қызықты жұмбақтарға толы. Бұл кітап тәрбиеші мен ата-анаға көмекші құрал болуымен қатар, баланың түсінігіне лайық жеңіл, тілі жатық, әрі ірі әріптермен жазылған. Автордың бұл кітабына енген балалардың тілін, ойлау қабілетін дамытуға арналған туындыларын балаларыңыз бен немерелеріңізге оқып беруге асығыңыздар.

Кітап:

Булжанов, Оралбек. Балабақшада : өлеңдер / О. Булжанов. – Өскемен : Арго, 2022. – 347 б. : портр. – 100 экз. – (мұқ.) : Б. ж.

Мерзімді басылымдардағы мақалалар:

Вологодская, Г. Песни для малышей / Г. Вологодская. – Текст : непосредственный // Казахстанская правда. – 2022. – 24 нояб. (№ 225). – С. 16

Жантыкеев, Р. Музыка для самых маленьких / Ф. Левина. – Текст : непосредственный // Рудный Алтай. – 2020. – 11 янв. (№ 3). – С. 4

Share