Тістің арманы бола ма?

Тістің арманы бола ма?

Ал егер тістердің де өз тілегі, өз қуанышы болса ше? Бүгінгі кездесуде біз дәл осы қызық әлемге саяхат жасадық…
«Библиоша» оқу академиясының қатысушылары «Тістің арманы» атты ертегімен танысып, ертегіні үзіліспен оқып, ертегі кейіпкерлеріне талдау жасады және өз ой-пікірлерімен бөлісті. «Тістің арманы» ертегісі арқылы балаларға күтім, тазалық, жауапкершілік сияқты құндылықтар түсінікті әрі әсерлі түрде жеткізілді. Кездесу соңында балалар “Дженго” крафт ойынын ойнап, математикалық және логикалық дағдыларын дамытты.
Share