Хейг, Мэтт. Түн ортасындағы кітапхана : роман / М. Хейг. – Алматы : Steppe&World, 2024. – 300 б. – (New York Times бестселлері).

Біздің өміріміз осы сүріп жатқан өмірімізден мүлде басқаша болса, жақсы болар ма еді, қайтер еді? Оны біз білмейміз. Негізі бізге берілген осы өмір құнды, қастерлі. Соның қадірін білейік. Қазір əлемдегі нөмірі бірінші бестселлер Мəтт Хейгтің «Түн ортасындағы кітапхана» романы – осы тақырыпта, өмірдің құны жайында сыр толғайды. Өмір мен өлім арасында кітапхана бар. Жолы болмай, депрессияға түскен бедфордтық музыка мұғалімі 35 жасар Нора өмірден баз кешіп, бір түнде сол кітапхананың есігін ашады. Мұндағы кітап сөрелері мəңгілікке жалғасады. Сөредегі əрбір кітап сізге мүлде басқаша өмір сүруге мүмкіндік береді. Əртүрлі шешімдер қабылдауға мүмкіндік бар. Егер Нора өмірінде басқаша əрекет етер болса, ол рок-жұлдыз, Олимпиада чемпионы, гляциолог, тұрмысқа да шығып, Австралияға баруы да мүмкін еді. Бірақ ол өмірі қалай болар еді? Бақытты болар ме еді, болмас па еді?

Share