Тұрсынбаев, Бәделқожа (1905-1967) – балалар жазушысы.
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Батпақты Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ауылдық кеңесте хатшы, Семей облыстық «Екпінді» газеті редакциясында қызметші, Алматы облысы Байсерке орта мектебінде директор және мұғалім қызметтерін атқарған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын сырттай оқыған. Қазақ КСР-не еңбек сіңірген мұғалім атағының иегері.
Шығармашылығының 30-дан астам жылын балалар әдебиетіне арнаған. Оның көптеген әңгімелері мектеп оқулықтарына енгізілген. «Базар батыр» (1942) поэмасының, «Көңілді балалық» (1955) атты өлеңдер жинағының, «Түлкі мен қораз» (1959), «Не қымбат» (1961) әңгімелер жинағының, «Біздің ауылдың жігіті» (1962), «Ауыл мұғалімі» (1967) повестері және т.б. шығармалардың авторы.
Б. Тұрсынбаев шығармашылығы
Кітаптар
- Тұрсынбаев, Бәделқожа. Айнымас достар [Мәтін] : повесть және әңгімелер / Б. Тұрсынбаев. – Алматы : Жазушы , 1971. – 190 б.
- Тұрсынбаев, Бәделқожа. Повестер, әңгімелер, ертегілер мен мысалдар [Мәтін]. 11-т. / Б. Тұрсынбаев. – Алматы : Балауса, 1992. – 512 б. – (Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы)
- Тұрсынбаев, Бәделқожа. Қиындағы балапан // Біздің балапан бауырларымыз [Мәтін] / құраст. Ж. Ибраев. – Алматы : Қайнар, 1995. – 336 б.
- Б. Тұрсынбаевтың мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары
- Тұрсынбаев, Б. Қиындағы балапан [Мәтін] : әңгіме / Б. Тұрсынбаев // Бала би. – 2017. – № 12. – Б. 38-41.
- Тұрсынбаев, Б. Үкінің сиқырлы күші [Мәтін] / Б. Тұрсынбаев // Бала би. – 2017. – № 9. – Б. 18-19.
- Б. Тұрсынбаевтың шығармашылығы туралы
Кітаптар
- Қазақ совет балалар әдебиеті = Казахская Советская детская литература [Мәтін] : библиогр. анықтама 1945-1964 / ред. Ш. Ахметова; құраст. Е. А. Бегалина. – Алматы : Қазақстан, 1965. – 285 б.
- Қазақстанның көркем әдебиеті. 1958-1967 [Мәтін] : библиографиялық көрсеткіш. 2-кітап / ҚР Ұлттық кітапханасы ; құраст.: А. Нұрсейітова, Ә. Сәйдембаева. – Алматы : Мектеп, 2008. – 384 б.
- Қазақстанның көркем әдебиеті. 1968-1977 [Мәтін] : библиографиялық көрсеткіш. 3-кітап / құраст. М. Әбілова ; алғы сөз авт. А. К. Рахимова. – Алматы : ИП “ПиК” Сартбаева Л.Б., 2012. – 370 б.
- Писатели Казахстана [Текст] : справочник / ред. Л. Золотова ; сост.: Н. Греховодов, В. Данилюк. – Алма-Ата : Жазушы, 1969. – 368 с.
- Балалар бағының бағбандары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. Ш. Күмісбайұлы. – Алматы : Балалар әдебиеті, 2008. – 300 б.
- Қазақстанның көркем әдебиеті 1946-1957 = Художественная литература Казахстана 1946-1957 [Мәтін] : библиогр. көрсеткіш = библиогр. указ. / ред. Е. Айтбаев. – Алматы : Б. ж., 1958. – 686 б.
- Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. – Алматы : Ан-Арыс, 2009. – Тұрсынбаев Б. б. :397.
- Литература Казахстана [Текст] : энциклопедич. справ. / пер. М. Тнимов ; ред. К. Байгабулова. – Алматы : Аруна: Қазығұрт, 2010. – 528 с. – (Мәдени мұра = Культурное наследие / М. С. Ашимбаев).
Мақалалар
- Әміренов, Х. Балаларға бар ғұмырын арнаған [Мәтін] : [жерлес жазушы Бәдел Тұрсынбаевтың туғанына 90 жыл] / Х. Әміренов, Т.Ахметжан // Дидар. – 1995. – 10 маусым.- Б. 3.
- Әміренов, Х. Балаларға бар ғұмырын арнаған [Мәтін] : [жазушы Б.Тұрсынбаевтың туғанына 90 жыл] / Х. Әміренов., Т. Ахметжан // Қазақ әдебиеті. – 1995. – 17 қазан (N26).- Б.15
- Тұрар, Қ. Ақынға құрмет [Мәтін] : [Күршім ауданында жазушы Б.Тұрсынбаевтың 90 жылдық мүшелтойы өткізілді] / Қ. Тұрар // Дидар. – 1995. – 18 қараша. – Б.3.
- Рахметолдақызы, Ш. Ұстаз-жазушы есімі ұмытылмақ емес [Мәтін] : [жерлес жазушы Б.Тұрсынбай ұлы туралы] / Ш. Рахметолдақызы// Дидар. – 1996. – 18 қаңтар. – Б.2.
- Балта, Ә. Жақсыда жаттық жоқ [Мәтін] : [жазушы Б. Тұрсынбаев туралы] / Ә. Балта // Дидар. – 2005. – 18 қазан. – Б.4.