Тәуелсіз елдің жастары

Тәуелсіз елдің жастары

Қазақстан Республикасының 30-жылдығына орай «Тәуелсіз елдің жастары» атты ақпараттық шара ұйымдастырылды. Шараның құрметті қонақтары Тәуелсіздіктің құрдастары, 30 жылда белгілі бір жетістікке жеткен жастар болды. Сондай-ақ жиналған қауымды Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, “Nur Otan” партиясы жанындағы “Jas Otan” ЖҚ ШҚОФ төрағасы Айтмұқаш Алмас Виленұлы және “Jas Otan” жастар қанатының белсенді мүшесі Несіпбек Айдана Жанболатқызы мерейтоймен құттықтады. Шара қатысушылары өлкемізде әр салада еңбек етіп, еліміздің өсіп-өркендеуі мен дамуына өз үлестерін қосып жүрген маман иелері (дәрігер, ұстаз, тәрбиеші, тілші, фотограф, өнер училищесінің ұстазы, ұлттық аспап жасаушы шебер, спортшы) болды. Шара барысында қатысушылар Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығаны байланысты танымды да қызықты 30 сұрақтар ұсынылған «Таңғажайып алаңда» бас қосты. ШҚО ішкі саясат басқармасы «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің өнерпаздары қонақтарға өздерінің музыкалық нөмерлерін тарту етті. Сондай-ақ шараға белсене қатысқан құрметті қонақтар кітапхана атынан алғыс хаттармен марапатталды. Шараға демеушілік жасағаны үшін қарапайым ауыл тұрғыны, көп балалы әке Жәнібеков Ербол Жәнібекұлына өз алғысымызды білдіреміз!
Share