Бонилья, Р. Көршілер / Р. Бонилья. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2022. – 44 б.
Әйгілі испан жазушысы және суретшісі Росио Бонилья көршілес тұратындар жайлы, олардың мінез-құлқы, сезімдері жайлы жазады. Әңгіменің кейіпкерлері – бір көшенің бойында тұратындар. «Жақсы көрші тапқаның – көп олжаға батқаның» демей ме? Алайда олар бір-бірімен сөйлеспейді, араласпайды. Себебі көршілер бір-бірін дұрыс танымайды, араларында сенім жоқ. Осылай жалғаса берер ме еді, кім білсін, бір күні Пакита ханымның интернеті істен шығып қалмасы бар ма? Осы оқиғадан кейін көршілердің өмірі күрт өзгерді. «Көршілер» – күлкілі, дегенмен айтары бар ертегі. Біздер жайлы ертегі.