Бүгін кітапханада КСРО Халық мұғалімі, 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан педагог Құмаш Нұрғалиевке 100 жыл толуына орай 5-сынып оқушыларымен «Халық ұстазы» атты тағылым сағаты өтті.
Оқушылардан ұстаз туралы ойлары сұралып, ардагер ұстаздың өмірі мен еңбек жолы туралы мағлұмат берілді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» кезеңінде оқушылар мақал-мәтелдерді ретімен құрастырып, мағынасын ашты. Ал «ұстаздық еткен жалықпас» кезеңінде әр топ шығармашылық тапсырма орындап, ұстаз туралы ой-толғау жазып, сурет салды.