«Читающие дома» әлеуметтік жобасы

«Читающие дома» әлеуметтік жобасы

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Читающие дома» әлеуметтік жобасы бойынша 2021 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Бұл әлеуметтік жоба балаларымыздың кітапқа деген ынтасын арттырып, білім қазыналарын толықтыру мақсатында, әр жұма сайын балаларға және олардың ата-аналарына қонаққа барады.
Көптен күткен қуанышты сәт балаларға арналған ойын алаңының ашылу салтанаты үлкендердің ақ батасымен басталды. Сондай-ақ, ең белсенді, көп балалы ана «Күміс алқа» иегері Ынтықбаева Галиянор Сагатбекқызы ата – аналар атынан өз ризашылығын білдірді.
Балалардың қуанышын бөлісіп, демеушілік көрсеткен қонақтарымыз “Моссо” және «Эмиль Фабрика Мороженного» ЖШС өкілдері де өз кезегінде ізгі лебіздерін білдірді.
Атылмыш шарада кітапханамыздың «Керім-ай» би үйірмесінің бишілері, кішкентай бүлдіршіндер (Әл-Фараби көшесі, 32 тұрғындары) өз өнерлерін көрсетіп барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында кішкентай оқырмандарымызды кітапхана қызметкерлері дайындаған «Отбасымның сүйікті кітабы» кітап көрмесі, «Тоғызқұмалақ», «Го», «Сиқырлы бояулар» сурет үйірмесі, сондай-ақ отбасылық эстафета ойындары мен психологтың «Бақытты бала – жанұя құшағында» тренинг алаңдарына шақырылды.

Share