Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы елімізде Отбасы күніне орай «Читающие дома» әлеуметтік жобасы аясында Жібек маталар комбинатындағы Әл-Фараби көшесі 32,34 үйде тұратын көпбалалы отбасыларға арналған «Отбасы – ынтымақ ошағы» атты мерекелік шара өткізді. Өскелең ұрпақтың кітап оқуына, зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шара барысында отбасылық тәрбиеге қатысты қызықты сұрақтар қойылып, ойын-сауық және түрлі эстафеталық жарыстар өтті. «Әнмен өрілген…» атты алаңда балаларға арналып музыкалық ойындар мен билер ұйымдастырылды. Барша қатысушылар орындаған «Отбасылық флешмоб» көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңында демеуші «Эмиль балмұздақтар фабрикасы» ЖШС атынан балаларға балмұздақтар таратылды.
Бұл мерекенің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, олардың қоғамдағы маңыздылығын арттыру.