«Читающие дома» жобасы

Бұл жобаның бағыты – көп балалы отбасыларды (ана, әке және бала)  олардың мәдени және зияткерлік бос уақытын ұйымдастыру арқылы қолдау (Әл-Фараби көшесі, ЖМК, Өскемен қаласы бойынша жаңа ғимараттарда тұратын отбасылар).

Жұмыс формалары – әр түрлі тақырыптағы бұқаралық іс-шаралар, акциялар, фестивальдар және т.б. әр іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылады, әр көрмеге орта есеппен 25-тен 30-ға дейін кітап ұсынылады. Апта сайын балалар мен ата-аналардың өтініштері бойынша оларды қызықтыратын тақырыптар бойынша кітаптар оқуға ұсынылады. Көптеген отбасыларда «Отбасылық оқу формулярлары» бар. Мұндай іс-шара көшпелі кітапхана аясында жүргізіледі. Жоба жұмысындағы жеке бағыт-көп балалы аналарды қолдауға арналған: (отбасылық жанжалдардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу; кітапханашылардың қатысуымен ата-аналар мен балалардың бірлескен іс-шараларын ұйымдастыру арқылы отбасылық қатынастарды нығайту; ақпараттық, ұйымдастырушылық, бос уақытты өткізу, құқықтық, психологиялық көмек).

Share