«Читающие дома»

«Читающие дома»

«Читающие дома» жобасының кезекті кездесуі балалардың ғана емес, сондай-ақ ата-аналардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятудан басталды. Жоба қатысушылары көпбалалы отбасылар болғандықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде ақыл-кеңес, отбасы құндылықтары мен өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға көмекші құрал бола алатындай кітапхана қорындағы екі тілде жазылған бірнеше кітаптар оқуға ұсынылды. Көпбалалы аналардың айтуынша бір отбасыда тәрбиеленіп жатқан әр баланың мінезі әр түрлі, сол себепті әр баланың дүние танымына, көзқарасына, тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін кітаптар ата-аналарға өз көмегін тигізеді деген ойдамыз. Шара соңында балалар тақырыпқа орай қызықты логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.

Білімді де саналы, рухани бай, қиындықта жасымай, арманмен, үмітпен өмір сүретін тұлға тәрбиелеуде ата-аналармен, сіз бен біздің қосар үлесіміз зор. Елімізде бақытты балапандар, бірлігі мен берекесі жарасқан үлгілі отбасылыр, көпбалалы отбасылар көп болсын!

Share